Сейілдә Байшақов - Қазақстан футбол федерациясының президенті
28 қарашада Астанада Қазақстан футбол федерациясының XIV кезектен тыс сайлау конференциясы өтті. Күн тәртібінде ҚФФ президентін сайлау мәселесі көтерілді. Конференцияның жұмысына федерация мүшелері және Атқарушы комитеттің мүшелері, ҚФФ аппараты, аймақтық футбол федерацияларының делегаттары, БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.
Шара шеңберінде делегаттар Сейілдә Байшақовтың кандидатурасы үшін дауыс берді. Дауыс берудің қорытындысы бойынша Сейілда Байшақов 2020 жылдың 28 қарашасына дейінгі мерзімге Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или