Моуриньо тағы да алаң жиегінен қуылды
Ағылшын премьер-лигасының 13-туры аясында "Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Вэст Хэм" командасын қабылдады. Матчтың бел ортасында төреші "қызыл сойқандардың" бас бапкері Жозе Моуриньоны алаң жиегінен қуып жіберді. Төрешінің мұндай шешімге келуіне португал бапкерінің су қуйылған бөтелкені қатты жерге ұрғаны себеп болды. Осыған ұқсас жағдай биылғы біріншілікте 3 мәрте қайталанып отыр. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или