Ойын сатқан бұл күні кірмеде жүр
<span style="font-size: 14.0pt;">Қазірдің өзінде 1982 жылғы әлем біріншілігінің үздік ойыншысы Паоло Россидің Испанияда екі жыл абақтыда отырып келгенін біреу білсе, біреу білмес. «Перуджаның» шабуылшысы өзінің әріптестерімен бірге Италияның ірі-ірі тотализаторлық компанияларымен астыртын жұмыс жүргізген. Бұлардың негізгі міндеті – керекті есеп пен жіберетін голдарды реттеп отыру ғана. Өз «істерін» жақсы атқарған олар жұмыс берушілер тарапынан өте қомақты сомада сыйақы алып отырған.</span>
<span style="font-size: 14.0pt;">Ал 80-жылдардың ортасындағы қаржы махинацияларында әйгілі деген клубтардың да бірқатары болған. Мысылы «Милан» басшылары бірнеше рет құқық қорғау органдарының қолына ілігіп, команданың В сериясына түсіп қалуына тікелей ықпал еткен. Суға батып бара жатқан алып кемені тек Силвио Берлускони келіп тұңғиықтан шығарғаны болмаса, кім біледі атағы жер жарған «Миланды» дәл бүгінгідей көре алмас па едік.</span>
<span style="font-size: 14.0pt;">Жылдарды сырғытып бертін келер болсақ, футболдағы жемқорлықтың ең өршіген кезі болып – 90-жылдар саналады. Осы он жыл ішінде біраз жұртты дүр сілкінткен оқиғалар тіркелді. 1993-жылдың мамыр айында Францияның «Валененсьен» командасының футболшысы Жак Глассман жұртқа марсельдік «Олимпик» басшыларының бүкіл команданы бір ойынға сатып алуға әрекет жасағандарын жария етеді. Дәл сол ойында ауадай қажет болған үш ұпай «Олимпикке» сол күйі бұйырмай кетті. Кейіннен зерттеу жұмыстары барысында марсельдік ұжымның президенті Бернар Тапидің жымысқы әрекеттері айқындалып, 8 ай бас бостандығынан айрылады. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші Глассман да бұл жанжалдан сүттен ақ, судан таза шыға алмады. Алдымен оны өз клубы шеттетіп, бүйректен тепсе, артынша Франция футбол федерациясы да қырын қарап, қатаң жазаларға ұшыратты.</span>