Жуков әлеуметтік желідегі жазбасы үшін «Уралдан» кетуге жақын

Жуков әлеуметтік желідегі жазбасы үшін «Уралдан» кетуге жақын

Қазақстандық Георгий Жуков әлеуметтік желідегі жазбасы үшін «Урал» футбол клубынан кетуі ықтимал.

«Голландиядан бекер кеттім. Кінәлі тек менмін, мұны тек Құдай ғана түзете алады. Жарты жылда барлық ойынды негізгі құрамда өткізген едім, ал мұнда, Ебургте (Екатеринбург), пас бергенде аяғымды қатты көтеретінімді айтады. Балабақша», - деп жазған болатын Жуков.

«Уралдың» президенті Григорий Иванов осыдан кейін Жуковпен қоштасуға дайын екенін айтты.

«Маған бұл Жуковтың не керегі бар? Ол бір нәрсе деп жазған, ал мен сол туралы айтуым керек пе? Жуков мұнда бекер ауыстым деп ойлайды екен. Жарайды, онда өзіне басқа клуб іздесін. Оған қанша сома берсек, соншаға сатамыз», - деді Иванов.

Журналистің «Жуковпен қоштасасыздар ма?» деген сұрағаны нақты жауап берді: «Әрине, қоштасамыз».

Айта кетейік, Жуков осы маусымда Ресей Премьер-лигасында 128 минут қана ойнаған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или