Елдос Қабденов Польшада джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Польшаның Вроцлав қаласында джиу-джитсудан әлем біріншілігі өтіп жатыр.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, жеке және командалық есепте үздік атану үшін 46 мемлекеттік 2 мыңнан астам спортшысы бақ сынауда. Қазақстан құрамасында 25 спортшы бар. Алғашқы алтынды қоржынға 56 келі салмақ дәрежесінде файтинг-жүйеде айқасқан Елдос Қабденов салды.
«Елдос Қабденовтің Польшадағы көрсеткен нәтижесі - оның және бапкерінің жеке рекорды. Ақтық кездесуде Елдос Франция құрамасының спортшысымен алаңға шықты. Сайыс жеңіл болмады. Соңғы санақта есеп 3:1 болып Елдос Қабденов жеңіске қол жеткізді. Осындай үздік нәтижесі үшін алтын медальмен марапатталды», - дейді Джиу-джитсудан Қазақстан қауымдастығының баспасөз өкілі Армангүл Жүнісова.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или