Алексей Ни: «Мен де спортшылармен бірге кету керекпін»
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері Алексей Ни қызметінен кету жайлы пікір білдірді.
- Мен Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кету жайлы шешімді өзім қабылдадым. Бұл туралы мен Рио Олимпиадасының алдында ойланған болатынмын. Менің спортшыларымның допинг-сынамасын тексере бастаған кезде-ақ кетуді жөн санадым. Ол кезде мен команданы жасақтап, жарысқа апару керек болдым. Дегенмен, егер мен спортшыларды қорғап қала алмай, олардың жүлдесін тартып алатын болса, спортшылармен бірге кету керек деп шештім. Жақын арада жаңа бас бапкер қызметіне кіріседі.
Екі күн бұрын ХОК ресми түрде Илья Ильинның екі алтын медалін қайтарып алу жөнінде шешім шығарды. ХОК және ВАДА бес алтын, бір күміс, қола медальдарды қайтарып алды. Мен осы екі Олимпиада да бас бапкер болдым. Сондықтан да болған оқиғаға мен де жауаптымын. ҰОК мен Министрлікке менің өтінішімді қабыл алғандары үшін алғыс айтамын. Спортшыларға берілетін дисквалификация уақыты қысқа болады деп сенемін, - деді Ни.