"Астананың" бұрынғы жартылай қорғаушысы "Партизанға" ауысуы мүмкін
Owngoalnigeria.com сайтының жазуы бойынша "Астана" командасында өнер көрсеткен нигериялық жартылай қорғаушы Аруна Лукман жақын арада "Партизан" командасына ауысуы мүмкін екен. Киевтік "Динамо" клубына тиесілі футболшы осылайша жалдан-жалға берілуде. Себебі, украиналық команда бұл футболшыға мұқтаж емес. Айта кетейік, Аруна Лукман "Астана" сапында биылғы маусымда 10 кездесуде алаңға шығып, 1 голдың авторы атанған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или