Қош бол, Стиви Джи!

Қош бол, Стиви Джи!

Футболдан Англия құрамасы мен «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы Стивен Джеррард ресми түрде үлкен спорттан кетті.

Бұл туралы Associated Press басылымы жазады.

Бала кезінен бастап «Ливерпульдың» намысын қорғаған Стиви Джи «қызылдар» сапында Чемпиондар лигасы, УЕФА кубогы, Англия кубогы мен Суперкубогын ұтқан болатын. Джеррард тек Англия чемпионатын ғана ұта алмай кетті. Былтыр Стивен мерсисайдтық клубтан кетіп, «Лос-Анджелес Гэлаксиге» ауысқан еді. Америкалық ұжымда бір маусым өткізген Стивен 36 жасында үлкен спортпен қош айтысатынын мәлімдеді. 

Джеррард «Ливерпуль» сапында 695 матч өткізіп, 180 гол соққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или