Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы көз жұмды
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Виталий Артемов созылмалы аурудан 39 жасында қайтыс болды.
"Болат" футбол клубында карьерасын бастап, "Қайрат-ЦСКА"-да ойнаған Виталий донецкілік "Шахтер" сапында бір ойын өткізген.
2011 жылы "Болатқа" қайта оралған футболшы 2012 жылы жарақат алып мансабын аяқтады.
Артемов Қазақстан құрамасы үшін 5 ойын өткізген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или