"Астана" топтық кезеңдегі алғашқы жеңісіне жетті

"Астана" топтық кезеңдегі алғашқы жеңісіне жетті

Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында "Астана" өз алаңында кипрлық АПОЭЛ клубын қабылдаған болатын. 

Астаналықтар матчты белсенді бастаған. Кипрлықтардың қақпасынан саңылау таппақшы болып Деспотович те, Каньяс та соққы бағыттап көрді. Дегенмен доп қақпаға ұшпады. Ойынның 31-ші минутында Георгиос Эфрем допты дәл тоғыздыққа бағыттап, есеп ашты. Бірінші таймда есеп өзгере қойған жоқ.

Екінші таймда да астаналықтар бірден шабуылға көшті. Бірақ, қорғаныс сыр берген жоқ. Кипрлықтар қарымта шабуыл жасап, Эричтің қақпасына қауіп төндіруін жалғастырды. Айлайда, ойынның 58-ші минутында Ватерманның қателігін сәтті пайдаланған Аничич бос қақпаға гол соғып кетті. Ойынның 84-ші минутында Шомко асырған допқа Деспотович бірінші жетіп, елордалық команданы алға шығарды.

 

Еуропа лигасы. Топтық кезең

"Астана Арена"

"Астана" - АПОЭЛ - 2:1

Голдар: 58' Аничич; 84' Деспотович - 31' Эфрем

Бас төреші: Кевин Блом

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или