Конфедерация кубогы. Бірінші себеттегі құрамалар белгілі болды

Конфедерация кубогы. Бірінші себеттегі құрамалар белгілі болды

Ресей құрамасы ұйымдастырушы ретінде бірінші себетке кірген. Сонымен қатар, бұл себетке рейтингісі ең жоғары үш құрама (Германия, Чили, Португалия) енеді, деп жазады ФИФА ұйымының ресми сайты. 

Қалған төрт құрама екінші себетке кірді. Олар: Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия мен Африка ұлттары кубогының жеңімпазы. 

26-шы қараша күні Қазан қаласында турнирдың жеребе тарту рәсімі өтеді. Екінші себеттегі құрамалар бірінші себеттегі командалардың жеребесінен кейін екі топқа бөлінеді. Айта кетейік, Ресей құрамасы жарысты ұйымдастырушысы ретінде бірден А тобына түседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или