Важенина Бейжің ойындарының алтын медалін алуы мүмкін

Важенина Бейжің ойындарының алтын медалін алуы мүмкін

Қазақстандық ауыр атлет Алла Важенина 2008 жылы өткен Олимпиада ойындарының алтын медалін алуы мүмкін, деп жазады Tengrinews.kz.

Бейжіңде өткен Олимпиадада Важенина 75 келі салмақ дәрежесінде екінші орын алған болатын. Ал, сол салмақтағы алтын медаль қытайлық Цао Лэйге бұйырған. ХОК тамыз айында Цао Лэйдің допинг-сынамасынан тиым салынған заттардың табылғанын мәлімдеген болатын.  Халықаралық Олимпиада комитеті жақын арада Цао Лэйдің алтын медалін қайтарып алу жөнінде шешім шығарады деп күтілуде. 
Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін допинг-сынамаларды қайта тексеру нәтижесінде Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиада ойындарының қола медалін алса, Нұрбақыт Теңізбаевқа "күміс" бұйырды. Сонымен қатар, жақын арада Анна Нұрмұханбетоваға қола медаль берілуі тиіс. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или