Қазақстан құрамасы FIFA рейтингісінде жеті сатыға төмен түсті
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA ұйымының жаңартылған рейтингісінде тағы жеті сатыға төмен түсті.
Рейтингінің соңғы жаңартылған уақытынан кейін Байсұфинов шәкірттері тек бір ойын өткізген. 2018 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен матчта Даниядан 1:4 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Жаңартылған рейтингіде Қазақстан 97-ші орынға табан тіреді. Естеріңізге сала кетйін, өткен айда ұлттық құрама тағы осы жеті сатыға төмендеген болатын. Оған дейін Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең жоғарғы орынға, 83-ші орынға, жайғасқан еді.
Алғашқы ондықта да өзгеріс енген. Сонымен қатар, Ресей құрамасы да өз тарихарында алғаш рет рекордты төмен 55-ші орынға түсіп кетті.
ФИФА рейтингісі:
1 (1). Аргентина — 1634
2 (3). Бразилия — 1544
3 (2). Германия — 1433
4 (6). Чили — 1404
5 (4). Бельгия — 1368
6 (5). Колумбия — 1345
7 (7). Франция — 1305
8 (8). Португалия — 1229
9 (9). Уругвай — 1187
10 (10). Испания — 1166
97 (90). Қазақстан — 354.