Кипрлік БАҚ АПОЭЛ-дің қай жағдайда ойнай алмайтынын атап өтті

Кипрлік БАҚ АПОЭЛ-дің қай жағдайда ойнай алмайтынын атап өтті

Apoel.net порталы "Астана" - АПОЭЛ матчының алдында кипрлік клубтың жасанды алаңдарда сәтсіз ойнайтынын атап өтті.

"АПОЭЛ синтетикалық алаңдарда ойнайтын командаларға қонаққа барса, қашан да қиындыққа тап болады. Осы маусымда біз швейцариялық "Янг Бойз" жеңіліп қалды.  Оған дейін норвегиялық "Олесунн" мен "Русенборг", финляндиялық ХИК, уэльстік ТНС пен сол "Астанаға" жол берген едік. Олардың бәрі де жасанды алаңда ойнады, ал нәтиже біз үшін көңіл көншітерлік болмады. Енді Астанадағы алаңға жылдам бейімделіп, жақсы өнер көрсетуіміз керек", - деп жазды басылым.

Айта кетейік, "Астана" - АПОЭЛ матчы 24 қарашада жергілікті уақытпен 22:00-де басталады.  

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или