Анатолий Тимощук мансабын аяқтайды
Футболдан Украина құрамасының бұрынғы капитаны Анатолий Тимощук жақын күндері үлкен спорттан кететінін мәлімдейді.
Бұл туралы украиналық «КОМАНДА» порталы жазады.
Жақында ғана алматылық «Қайраттан» кеткен тәжірибелі футболшы бұдан былай бапкер болмақшы. Қазіргі таңда, Тимощук Украинада бапкерлік PRO лицензиясына оқып жүр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или