Илья Ильин: «Медальдарды қайтарып беремін»

Илья Ильин: «Медальдарды қайтарып беремін»

Илья Ильин ХОК шешіміне бағынып, медальдарды қайтарып беретінін айтты. Естеріңізге сала кетейін, "А" және "В" сынамаларын қайта тексеру барысында қазақстандық спортшының допинг-сынамасынан тиым салынған заттар табылып, Лондон мен Пекин Олимпиадаларындағы нәтижелері жойылып, медальдарды қайтарып алу жөнінде шешім шықты. 

- Мен оларды жеңіп кеткен болатынмын. Қан мен тер төгіп, лайықты орнымды алдым. Бірақ бүгін маңызды болған нәрселер ертең өзгеруі мүмкін. Мен тек өмірімнің осы кезеңінен аттап өтемін. Маған енді басқа нәрсе маңызды болмақ. Сонымен қатар, мен медальды бермеймін деп айқайлауға бармаймын. Бұл мәселенің түйінін шешетін жол емес. Заң бойынша беру керек болса, қайтарып беремін. Шимонға барамын. Ол Пекинде екінші орын алды. Өзімнің медалімді соған беремін. Ол менің үлкен ағамдай маған тәрбие берді. 2011 жылы оның үйінде болдым. Әлемдік рекордтарымды мен соған арнаған болатынмын. Менің қалай жұмыс істегенімді біледі. Ауыр атлеттер бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Бірде-бір спортшы менің тарапыма жаман сөз айтқан жоқ, - деді Ильин Prosports сайтына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или