Георгий Жуков: «Голландиядан бекер кеттім»

Георгий Жуков: «Голландиядан бекер кеттім»

«Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Голландия чемпионатынан кеткеніне өкінетінін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, былтырғы маусымда Жуков голландиялық «Роданың» намысын қорғаған болатын. Эредевизия клубында Георгий жиі алаңға шығатын. 

Ал жаңа маусым алдында қазақстандық футболшы «Қайраттың» ұсынысынан бас тартып, ресейлік «Уралға» ауысты. 

«Голландиядан бекер кеттім. Өзім кінәлімін», - деп жазды Жуков өзінің instagram-дағы ресми парақшасында.

Жуков ресейлік ұжым сапында сирек алаңға шығуда. Георгий «Урал» сапында тек төрт матч өткізді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или