вавп

вавп

ЦСКА - Байер

"Е" тобындағы бұл ойында фаворит алаң иелері десек артық емес. Өйткені, Мескеуде қазір ауа-райы футбол ойнауға өте қолайсыз. Ал ондай жағдайды мәскеуліктер өте жақсы пайдаланып кетуі мүмкін. Еременко мен Дзагоев осыған дейін жарақат алып қалған. Немістер сапынан Чичарито алаңға шығуы мүмкін. Жалпы алғанда осы матчта 0-0 тең нәтиже тіркелсе таң қалмаймыз. Себебі, "Байер" сапында Кислинг пен Бендер Германияда қалып қойды. Олар екеуі де жарақаттанып жатыр. Демек Акинфеев осы ойында қақпасына гол жібермей, жағымсыз рекордын үзуі мүмкін.

Монако - Тоттенхэм

Ағылшындар соңғы ойында Вест Хэмді зорға жеңді. 89-90-минуттарда Харри Кэйн дубль авторы атанды. Соның арқасында жеңісті жұлып кетті. Біршама күш жұмсап тастаған лондондықтар Монакоға шамалары жетпей қалады-ау. Топтың лидері француздар. Оларға негізі осы матчта тең нәтиже де жетіп қалуы мүмкін. Демек, алаң иелері жеңілмейді деп алған дұрыс. 

Боруссия Д - Легия

Плэй-оффқа жолдама алып қойған алаң иелері осы атчта да жеңіске жетеді. Олар кем дегенде 2 гол соғуы тиіс. Немістер анау-мынауға қарамай ойнайды. Жеңіс пе, жеңіс! Боруссия тотал 1,5 көп. 

Спортинг - Реал М

Қонақтар ұтады. Сөзсіз. Себебі, олардың соңғы кездегі ойындары нашар. Әрине, біз тек чемпиондар лигасы жайлы сөз қозғап тұрмыз. Әйтпесе, мадридтік дербиде Роналду хет-трик жасағанын білеміз. Топта бірінші орынға шығу үшін мына матчта жеңіс қажет. Реал жеңеді - 1,61. 

Копенгаген - Порту

Қонақтар негізі қиын жағдайда. Сыртта осы матчта жеңілсе топтан шығу мәселесі қиындауы ықтимал. Португалиялықтарға жеңілмеу керек. Қалайда. Жалпы, даниялықтар да өз алаңында ұтыла қоймайтын, тегеурінді ұжым. Есеп 1-1 болып, матч тең аяқталатын да шығар. 

Лестер - Брюгге

Ағылшындар 1:0 ұтып, бельгиялықтарды үйіне қайтаруы тиіс. АПЛдегі ауыр матчтарға дайындалған дұрыс. Себебі, Лестердің келесі кезеңге өтуі шешіліп қойған мәселе десек болады. Осы матчтағы 3 ұпай сондай құқық береді.

Севилья - Ювентус

Қонақтар басымдылыққа ие. "Ювентус" сапында матчқа Игуаин қатыспайды. Алайда, онсыз да гол соғатын жігіттер жетіп жатыр. Сампаоли келгелі бері "Севильядан" сыр кетті. Осы жолы өз алаңдарында ұтылып қалулары да мүмкін. Ал негізі көпшілік мамандар тең нәтиже күтіп отыр. 

Динамо - Лион

Қонақтарда екінші орын алатын әлі де мүмкіндік бар. Болмағанның өзінде де 3-орынды нығырлай түскен жақсы. Қонақтар Лаказеттің арқасында бір гол соғып, қорғанысқа жатып алуы ықтимал. Баяғыда 8-1 етіп те ұтқан. Бұл екі клуб арасында сондай бір сыбайластық та жоқ емес. Жалпы ойын тоталы 2,5 тен кем болуы тиіс. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или