ӘЧ-2006 турниріне қатысқан футболшы 32 жасында көз жұмды

ӘЧ-2006 турниріне қатысқан футболшы 32 жасында көз жұмды

Футболдан Коста-Рика құрамасының бұрынғы қорғаушысы Габриэль Бадилья небәрі 32 жасында қайтыс болды.

Биыл ғана үлкен спортпен қош айтысқан Габриэльдің марафон кезінде жүрегі тоқтап қалды.

Айта кетер жайт, осыдан үш жыл бұрын Бадильяның жүрегіне ота жасалған болатын.

Габриэль Бадилья Коста-Рика сапында 2006-шы жылы Германияда өткен әлем чемпионатына қатысты. Жалпы Ұлттық құрама сапында 25 матч өткізіп, бір гол соққан еді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или