«Қайрат» Тимощуктің клубтан неге кеткенін айтты
Украиналық жартылай қорғаушы Анатолий Тимощук келісім-шарттың аяқталуына байланысты «Қайраттан» кетіп қалды. Мұны клубтың бас директоры Мәлік Күшәлиев растады.
«Иә, Тимощук «Қайраттан» кетті. Онымен келісім-шарт уақыты аяқталды, біз оны ұзартқан жоқпыз», - деді Күшәлиев.
Айта кетейік, 37 жастағы футболшы «Қайрат» сапында екі маусым ойнап, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или