Миландық дерби тең аяқталды

Миландық дерби тең аяқталды

Италия чемпионатының 13-турында «Милан» өз алаңында «Интерді» қабылдады.

Бірінші тайм алаң иелерінің жеңісімен аяқталды - 43-минутта Сусо көзге түсті. Бірақ үзілістен кейін 53-минутта Кандрева таразы басын теңестіріп тастады. Бұл есеп таблода бес минут қана сақталды. Артынша Сусо дубль авторы атанып, «Миланды» тағы да алға шығарды. Бірақ негізгі уақытқа қосылған қосымша уақытта Перишич гол соғып, «Интерге» бір ұпай сыйлады. Қорытынды есеп - 2:2.

Осы ойыннан кейін «Милан» 26 ұпаймен үшінші орнында қалды. Ал «Интер» 18 ұпаймен 9-шы орында келеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или