"Челси" Премьер-лигада көш бастады

"Челси" Премьер-лигада көш бастады

Бүгін, 21-ші қараша, Ағылшын премьер-лигасының жексенбілік ойындары аяқталды.

Өткен турдан кейін көш басында келе жатқан ливерпульдықтар осы турдан кейін тізгінді "ақсүйектерге" беріп қойды. Юрген Клопп шәкірттері сырт алаңда кестенің бел ортасында келе жатқан "Саутгемптонмен" ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Есеп: 0:0.


Осы маусымдағы чемпиондыққа үміткер тағы бір ұжым "Манчестер Сити" сырт алаңда "Кристал Пэластан" басым түсті. Ойынның 39-шы минутында Яя Туре Нолитоның пасын сәтті пайдаланып есеп ашса, Уйкхэм 66-шы минутта есепті теңестіріп кетті. Дегенмен, 83-ші минутта Яя Туре тағы бір гол салып, командасына үш ұпай сыйлады. Хосеп Гвардиола шәкірттері 27 ұпай жинап, үздік үштіктің қатарына жайғасқан.

 

"Челси" сырт алаңда "Мидлсбромен" ойнады. Соңғы кездері 3-4-3 тактикасының жемісін көріп жүрген лондондықтар, осы жолы да үш ұпайды қанжығасына байлады. Шабуылшы Диего Коста соққан жалғыз доп, Антонио Контенің командасын кестенің басына бірақ шығарды. "Челси" 12 турдан кейін 28 ұпай жинап, жақын қарсыласынан 1 ұпайға алда келеді. Айта кету керек, "ақсүйектер" біріншілікте өткізген соңғы алты матчта да жеңіске жетіп, қақпасын голдан аман сақтап қалған.

 

Турдың орталық ойыны ретінде "Манчестер Юнайтед" - "Арсенал" матчы саналғаны анық. Бұл тек Англияның екі ірі клубының айқасы ретінда ғана емес, Моуринью мен Венгердің текетіресі ретінде де жанкүйерлердің қызығушылығын тудырды. Көптен күткен матч голға жомарт болмады. Мата мен Жирудың соққан бір-бір голы, екі команданың бір ұпай алуымен аяқталды. Айта кету керек, Арсен Венгер әлі күнге дейін Моуриньюды жеңе алмай келеді. 

Қалған матчтарға келер болсақ, "Эвертон" өз алаңында "Суонсимен" ұпай бөліссе (1:1), "Сток Сити" "Борнмуттан" айласын асыра алмады (0:1). Ал, "Сандерленд" "Халлды" 3:0 есебімен тізе бүктірсе, "Уотфорд" "Лестерді" 2:1 есебімен қапы қалдырып, "Тоттенхэм" өз алаңында "Вэст Хэмнен" басым түсті. Есеп: 3:2. Бүгін тағы бір матч ойналмақ. "Вест Бромвич" өз алаңында "Бернлиді" қабылдайды. 

Сұрмергендер тізімінде Диего Коста көш бастады. Осы турға дейін "Челсидің" шабуылшысы 10 гол соққан. Екінші Серхио Агуэро  ("Манчестер Сити") - 8 гол, үшінші Эден Азар ("Челси")  мен Ромелу Лукаку ("Эвертон") - 7 голдан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или