"Астана" биылғы маусымды қорытындылады

"Астана" биылғы маусымды қорытындылады

Бүгін "Rixos President Astana" қонақ үйінде "Астана" футбол клубына Қазақстан чемпионатының кубогы мен медальдары табысталды.

Сондай-ақ, елордалық клубтың басшылығы биылғы маусымның үздік ойыншыларын анықтады.

Осылайша, "жанкүйерлердің ең сүйікті ойыншысы" болып Патрик Твумаси танылды. Ал "үздік трансфер" атағы - Юрий Логвиненкода. Өз клубына беріліп ойнағаны үшін Дмитрий Шомко мен Таңат Нөсербаев та ерекше грамотаға ие болды. "Жылдың ең үздік голын" Агим Ибраими соқты ("Селтик" қақпасына). Ал "жылдың үздік ойыншысы" жүлдесі Ненад Эричке бұйырды.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или