Зидан: "Роналду "Алтын Допқа" толықтай лайық"
Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан "Атлетикоға" қарсы ойында хет-трик жасаған Криштиану Роналдуны мақтады.
- Криштиану әлемнің ең үздік ойыншысы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Роналду "Алтын Допқа" толықтай лайық. Менің командам керемет ойын көрсетті. "Висенте Кальдеронда" ірі жеңіске жету - үлкен жетістік, - деді Зидан AS басылымына.
Естеріңізге сала кетсек, кеше "Реал" сырт алаңда "Атлетиконың" қақпасына үш жауапсыз гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или