Анатолий Тимощук "Қайраттан" кетті
"Қайраттың" украиналық жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощуктың алматылық клубпен келісімі аяқталды.
Бүгін "Халық командасының" базасында Тимощукпен қоштасу рәсімі өтті. Сондай-ақ, Кахабер Цхададзенің шәкірттеріне биылғы ел чемпионатының күміс медальдері табысталды.
Естеріңізге сала кетсек, 37 жастағы тәжірибелі футболшы бір жарым жыл бұрын "Қайратқа" ауысқан болатын. Алматылық клуб сапында Анатолий Қазақстан кубогын және Суперкубогын ұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или