Әлем кубогы. Роман Креч жалпы есепте екінші орында

Әлем кубогы. Роман Креч жалпы есепте екінші орында

Қазақстандық спортшы Роман Креч Әлем кубогының кезеңіндегі  500 метрге қайталап жарысу кезінде жалпы есептегі екінші орынын сақтап қалды, деп жазады sputniknews.kz.

Наганодағы Әлем Кубогының екінші кезеңінде жексенбі күні ерлер арасындағы 500 метрге жарыс өтті. А дивизионында Роман Креч сегізінші болып келді.  Германиялық Нико Ихеден отандасымыз 0,26 секунда қалып, қосымша 36 ұпай жинаған. 

Нәтижесінде екі кезеңнен кейін Роман Креч 160 ұпай жинап, ресейлік Павел Кулужниковтан 70 ұпайға қалып қойды. Ал үшінші орында келе жатқан голландиялық Ян Смекенстен алты ұпайға озып келеді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или