Андрей Аршавин: «Маған Алматы қатты ұнайды»

Андрей Аршавин: «Маған Алматы қатты ұнайды»

Алматылық «Қайраттың» көшбасшысы Андрей Аршавин «Спортфактіге» берген сұхбатында клубпен келісімшартты ұзартуы жайында әңгімелеп берді.  

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Қазақстанда бірнеше жыл боласың ба деген сұраққа Андрей Аравшин: «Клуб менен күткен ойынды көрсетуге әзірмін» деп жауап берді.  

«Клубтың көңілінен шығатын ойын көрсетсем, бәрі мүмкін. Менің футбол ойнағым келеді, «Қайрат» маған сол мүмкіндікті берді. Егер келісімшартқа келсек, ол екі маусымды қамтиды, 2017 жылдың желтоқсанына дейін. Ал шартқа негіз болған клубтың президенті Қайрат Советайұлымен ауызша уағдаластық.  Оның трансферлік кезеңдердің бірінде менің келісімшартымды бұзуына құқығы болды.  Мен бұл шартты қабылдадым, бірге жұмыс істедік.

Ол «Андрей бірге жұмыс істеуді жалғастырамыз, менің көңілім толады» деп қоңырау шалғаны шартты ұзартуға себеп болды. Маған Алматы ұнайды. Сондықтан «Қайраттың» сапында ойнай беремін.  Ал Қайрат Советайұлының шартты бұзуға құқығы бар», - деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или