Андрей Аршавин: «Жәй ғана футбол ойнағым келеді»
«Қайраттың» шабуылшысы Андрей Аршавин Ресей құрамасына оралуға ұмтылмайтынын айтты.
«Ресей құрамасына қайта оралу туралы мақсатым жоқ. Бір нәрсеге байланып қалмай, жәй ғана футбол ойнағым келеді. Құрама туралы әңгіме тағы да болатын шығар... Бірақ маған назарын аударту үшін Қазақстан чемпионатында неше гол соғуым керек?», - дейді Аршавин.
35 жастағы футболшы соңғы Ресей құрамасы сапында 2012 жылдың жазында ойнаған болатын. Ал биылғы маусымда ол Қазақстан чемпионатында 28 матчта сегіз голдың авторы атанып, күміс медальға қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или