"Неміс дербиі" "Боруссияның" жеңісімен аяқталды

"Неміс дербиі" "Боруссияның" жеңісімен аяқталды

Дортмундтық "Боруссия" өз алаңында негізгі қарсыласы "Бавариядан" айласын асырды.

Кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Матчтың 11-минутында Пьер-Эмерик Обамеянг гол соқты.

Осы жеңістің арқасында дортмундтық ұжым үшінші орынға көтерілді, ал маусымда бірінші рет жеңілген "Бавария" екінші орында қалды. Олар көшбасындағы "Лейпцигтен" үш ұпайға қалып келеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или