Сергей Малый: «Ойнайтын жерді біз таңдаған жоқпыз»
«Астаны» клубының қорғаушысы Сергей Малый «Prosports» тілшісіне сұқбат беріп бүгінгі Кубок финалы туралы айтып берді.
- Кеше Алматыға жеткенде ауа райы тамаша еді. Бүгін күн бұзылды, қайтеміз енді? Қолдан келгенді істеп ойнауға шықтық.
- Кахабер Цхададзенің айтуынша, «Қайратқа» бұл ауа райы қолайсыздық тудырды, сіз қалай ойлайсыз?
- Ойнайтын жерді біз де таңдаған жоқпыз.
- Биылғы маусым «Астана» үшін сәтті ме?
- Иә, меніңше сәтті болды.
- АПОЭЛге қарсы матчқа қандай жоспар құрдыңыздар?
- Жеңіс керек. Басқа жарыстар аяқталды. Бар күшті Еуропа Лигасына саламыз. Рейтингіде төмендеп қалмау маңызды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или