Ел-Классико. "Астананың" алтын дублі

Ел-Классико. "Астананың" алтын дублі

Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстан Кубогының финалы аяқталды. "Астана" Қазақстан Кубогының иегері  атанды.

Ойын алдында ауа-райының күрт бүлінгеніне қарамастан ойынның уақытылы өтетітіні хабарланған. Оңтүстік астанадағы қалың қар алаңды түгел жапты. Екі-үш мәрте тазалағанымен, толассыз жауған қар ойын біткенге дейін сапалы футбол ойнауға кедергі келтірумен болды. 

Алғашқы таймда командалар өте белсенді бола қойған жоқ. Онысы түсінікті де. Екінші таймның басында қонақтар есепте алға шықты. Шабуылшы Кабананга Покатилов қақпасынан саңылау тауып, тарихи алғашқы "Кубоктарына" жетуге бір табан жақындаған. Екі команда да қақпаға соққы бағыттап көрген. Бірақ футболшылардың добы не қиыс кетіп, не қақпашының қолынан табылып жатты. Ойын соңына дейін есеп өзгере қойған жоқ. "Астана" ел біріншілігімен қатар, Қазақстан Кубогында да жеңіске жетті. 

Қазақстан Кубогы-2016. Финал. Алматы

"Қайрат" - "Астана" - 0:1

Голдар: 47' Джуниор Кабананга

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или