Димитар Димитров "Ертісте" айына 30 мың доллар алады - БАҚ

Димитар Димитров  "Ертісте"  айына 30 мың доллар алады - БАҚ

Димитар Димитров  "Ертіс" футбол клубынан кетуі мүмкін. Бұл туралы болгариялық  topsport.bg сайты бапкерге жақын ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды. 

Басылымның берген ақпараты бойынша, Димитров клубтың қаржылық жағдайына байланысты Керекуден кетуі мүмкін. Сонымен қатар, басылым маусым барысында клуб бірнеше рет жалақыны кешіктіріп бергені жайлы жазған. Клуб келесі маусымда көп ақша алмайтыны, яғни, келесі маусымда бапкер жаңа ойыншыларды сатып ала алмайтыны да клубтан кетуге себеп болып отырған көрінеді. 

Сонымен қатар, "Левски" Димитровты клуб тізгінін ұстауға шақыруда. "Левски" керекулік клубтан аз ақша төлемейтіні де белгілі болыпты. Ал, Димитров "Ертісте", басылымның хабарлауынша, айына 30 мың доллар алған. 

Естеріңізге сала кетейін, болгариялық маман клубпен келесі маусымның соңына дейін келісім шартқа отырған. Осыған дейін "Ертіс" бапкердің командадан кететіні жайлы ақпаратты жоққа шығарған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или