Паоло Мальдини "Қайраттың" балалар Aкадемиясына барды
"Милан" мен Италия құрамасының экс-капитаны Паоло Мальдини "Қайраттың" Алматыдағы балалар Академиясында қонақ болды.
Танымал италиялық футболшы бүгін Қазақстан кубогының финалына қатысады деп күтілуде. Оған дейін Мальдини Орталық стадионның жанында орналасқан "Футбол аңыздары" көрме орталығында болмақ.
Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан кубогының финалы Астана уақытымен сағат 15.00-де басталады. "Хабар" арнасы матчты тікелей эфирде көрсетпек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или