Клубтар арасында жаңа әлем чемпионаты құрылмақ
ФИФА президенті Джанни Инфантино клубтардың маусым алдындағы жиындарын осындай турнирмен алмастырмақ.
«Қазір клубтар арасындағы әлем чемпионатының формуласы қиындау. Турнир жазда 10-30 маусым арасында өтуі мүмкін. Оған әлемнің үздік 32 клубы қатысады. Бұл маусым алдындағы турнелер мен ұзақ сапарлардан көрі жақсырақ болар еді. Звонимир Бобан, Марко ван Бастен және мен турнирдің формуласын өзгертуді ойластырудамыз», - деді Инфантино.
Айта кетейік, клубтар арасындағы әлем чемпионаты 2005 жылдан бері ойнатылып келеді. Ол желтоқсан айында 7 команданың қатысуымен өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или