Букмекерлер: «Қайрат» Кубокты жеңіп алады

Букмекерлер: «Қайрат» Кубокты жеңіп алады

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалында «Қайрат» пен «Астана» күш сынасады.

Букмекерлік кеңселердің пікірінше, ақтық матчта алматылық ұжым жеңіске жетеді. Олардың болжамына сенсек, «Астана» жеңіске жеткеннен көрі командалардың тең түсу мүмкіндігі жоғарырақ.

Айта кетейік, финалдық матч Алматыдағы «Орталық»  стадионда өтеді. Матч Астана уақытымен 15:00-де басталмақ. Дәл қазір қалада қар жауып тұр, алматылық ұжымның басшылығы жанкүйерлер тоңып қалмас үшін тегін шәй тарататын болды.  

«Қайрат» — «Астана»
Алаң иелерінің жеңісі — 1.98
Тең есеп — 3.13
Қонақтардың жеңісі — 3.63

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или