Алматыдағы «БАҚ лигаға» 9 команда қатысады
10 желтоқсан күні Алматы мен Астана қалаларында «БАҚ лига» біріншілігі бастау алады. Елімізде мұндай БАҚ өкілдері арасындағы толыққанды чемпионат бірінші рет ұйымдастырылуда.
Алматы қаласы бойынша «БАҚ лиганы» ұйымдастыруға жауапты Рауан Оқастың айтуынша, қазірдің өзінде 9 командадан өтініш келіп түскен. Олар: «Қаламгер» «Болашақ газеті» «Нұрлы гол» «Талғар газеті» «Жетісу телеарнасы» «Алматы телеарнасы» «СДУ журфак» «PROSPORTS.KZ» және «Қазақстан телеарнасы».
«БАҚ лигаға» қатысуға өтініштер қабылдау аяқталды. Барлығы 9 команда 2 ай бойы өзара мықтыны анықтамақ. Яғни, матчтар 8 турға жалғасады. Аталған біріншілікке бей-жай қарамай, атсалысып жатқан командаларға тәнтіміз. Әсіресе, Алматы облысынан қосылған «Жетісу телеарнасына», оның басшысы Бейсен Құранбекке ризамыз. Бұл біріншіліктің өткенін бұрыннан қалап жүргендер көп. Ал оның өтуіне мұрындық болған Астана қалалық футбол федерациясына алғысымыз шексіз»,- дейді ұйымдастырушы Рауан Оқас.
Рауан Оқастың сөзінше, Алматы қаласы бойынша «БАҚ лиганың» жеңімпазына арнайы әзірленген кубок табысталады. Аталған кубок ауыспалы болмақ. Яғни, келесі жылы қайта сарапқа салынады. Сондай-ақ үздік үштікке кірген командаларға медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или