Руни мас болғаны үшін кешірім сұрады
Руни испандарға қарсы ойын алдында ішімдік ішкені үшін кешірім сұрады.
Шотландиялықтарды 3:0 есебімен жеңген соң ағылшын футболшыларына демалыс берілген, мұны Уэйн Руни қонақүйдің барында өткізіп, таңғы беске дейін уақытын сонда өткізген. Келесі күні газеттер мен порталдар оның мас күйінде түскен суреттерін жариялай бастады.
«Уэйн бұл кешке Джагелкемен бірге келді, сол кезде, тіпті, екі сөздің басын қос аламайтын жағдайда болды. Бұл Англия құрамасының капитаны екеніне ешкім де сенген жоқ. Бұл кештің басында түсірілген суреттер, ол одан кейін де біраз ішті», - дейді сол жерде болған куәгер.
Испанияға қарсы матч алдында 31-жастағы форвард жарақат алғаны хабарланып, ол «МЮ» сапына оралды. Артынша сол суреттер үшін кешірім сұрады. Рунидің өзі бас бапкер Саутгейттен, АФ техникалық директоры Эшвортпен жеке сөйлесіп, істеген ісі үшін өкінетінін айтқан. Сондай-ақ, сол суретті көрген кішкентай жанкүйерлерінен де кешірім сұрауды ұмытқан жоқ.