«Астана» топтық кезеңнің соңғы ойыны алдында Швейцарияда жиын өткізеді

«Астана» топтық кезеңнің соңғы ойыны алдында Швейцарияда жиын өткізеді
«Астана» футболшылары Еуропа Лигасының топтық кезеңінің соңғы ойынының алдында Швейцарияда 1-6 желтоқсан аралығында қысқа мерзімді жиын өткізбек, деп жазады клубтың ресми сайты. 
 
4-ші желтоқсан күні отандастарымыз Швейцарияның Бірінші лишасында ойнайтын «Баден» клубымен жолдастық кездесу өткізеді.  Қазіргі күні  «Баден» 14 турдан кейін екінші орында келе жатыр. 
 
Естеріңізге сала кетейін, «Янг Бойз» - «Астана» матчы 8-ші желтоқсан күні Швейцарияда өтеді. Оған дейін 24-ші қараша күні Станимир Стоилов шәкірттері Астанада кипрлік АПОЭЛ клубын қабылдамақ. 
 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или