ХОК қазақстандық бес спортшының Пекин Олимпиадасындағы нәтижелерін жойды

ХОК қазақстандық бес спортшының Пекин Олимпиадасындағы нәтижелерін жойды

ХОҚ Владимир Седов пен тағы төрт қазақстандықтың Пекинде өткен Олимпиада ойындарындағы нәтижелерін жойды. Шешім жайлы ұйымның ресми сайтында жазылған. 

ХОК тізіміне 2008 жылы өткен Олимпиада ойындарына қатысқан 16 спортшы енген. 

Қазақстандық спортшылардың ішінде Владимир Седов ( ауыр атлетика, 85 келі салмақ дәрежесінде төртінші орын), Мария Грабовецкая ( ауыр атлетика, 75 келі салмақ дәрежесінде 3-ші орын), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі салмақ дәрежесі, қола медаль), Майя Манеза (ауыр атлетика, жарыстан шығып қалған), Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль). ХОК хабарлауынша, барлығы  дегидрохлорметилтестостерон (туринабол) немес станозололды қабылдағаны үшін шеттетілген. 

Естеріңізге сала кетейін, Пекин мен Лондон Олимпиадаларына қатысқан спортшылардың допинг-сынамасын қайта тексеру нәтижесі белгілі болғанда тәртіптік комиссия қазақстандық ауыр атлеттер Владимир Седов, Майя Манеза, Алмас Өтешовты Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан шеттету жайлы шешім қабылдаған болатын. 

Осыған дейін ХОК Грабовецкая, Некрасова мен Мәмбетовтың медальдарын тартып алған. Сонымен қатар, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедова да алтын медальдарын қайтарып беруі тиіс.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или