Маусымның үздік қақпашылары
Өткен маусымды қорытындылайтын уақыт жетті. Осыдан кейін «PROСПОРТ» жылдың үздік футболшыларымен таныстыруын бастайды. Дәстүрге сай қақпашылардан бастаймыз.
7-ші орын
.jpg)
Игорь Шацкий
27 жаста, 185 см
Клуб: «Шахтер»
Азаматтығы: Қазақстан
17 ойын, 19 гол жіберген (3 – пенальтидан), 1463 минут ойнаған, 1 ескерту қағазы
Гол жібергенге дейінгі минуттар саны – 77,5 «таза» ойын
Қарағандылық қақпашы «Қайратпен» болған ойынның 67-ші минутында жарақат алған Ярослав Багинскийді алмастырған. Содан кейін негізгі құрамнан шықпады. Қақпашының сәтті ойыны команданың «Ордабасы» мен «Астанаға» қарсы ойындарда жақсы нәтижеге жетуіне септігін тигізді. Өткен маусымда Игорь өзі ойнаған 11 ҚПЛ матчтарының барлығында да гол жіберіп алған. Сол мауымда ол орташа есеппен әр матчта екі голдан жіберіп тұрған.
Өз сөзімен
«Шахтер» «Астананы» жеңгеннен кейін:
– Әрине, жауапкершілік мол болды. Деңгейі жоғары командамен кездестік. Матч алдында бапкер тек жеңіске дайындады. Екі жүз пайызға барымызды салып ойнадық
6-шы орын
.jpg)
Жасұр Нарзықұлов
32 жаста, 189 см
Клуб: «Атырау»
Азаматтығы: Қазақстан
32 матч, 39 гол жіберген (2 – пенальтидан), 2847 минут ойнаған, 1 голдық пас.
Гол жібергенге дейінгі минуттар саны - 73,13 «таза» ойын, 3 пенальти қайтарған.
Нарзықұлов – біздің тізімдегі 32 матчтың барлығына қатысқан жалғыз қақпашы. Сонымен қатар, ол Саша Стаменковичпен бірге ҚПЛ-дағы «таза» ойын саны бойына екінші орында тұр. Жасурдың жеке рекорды – қақпасын 490 минут бойы аман сақтап қалған. Өткен маусымда атыраулық жанкүйерлер қақпашыны жылдың үздік ойыншысы ретінде таныған.
Өз сөзімен
Қазақстан Кубогында «Қайраттан» жеңілгеннен кейін:
– Жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Біз алғашқы алтылыққа кіре алмай, олардың сенімінен шыға алмадық. Барлығынан кешірім сұрағым келеді. Егер олар осылай қолдау көрсете берсе, біз олардың сенімін ақтауға тырысамыз.
5-ші орын

Владимир Логиновский
31 жаста, 192 см
Клуб: «Тобыл»
Азаматтығы: Қазақстан
24 матч, 30 гол жіберген (1 – пенальтидан), 2160 минут ойнаған, 1 ескерту қағазы
Гол жібергенге дейінгі минуттар саны – 72,8 «таза» ойын, 1 пенальти қайтарған
Қақпашы маусымда сәтті ойнады. Өткен маусымда ол алаңға жиі шықпаған. Логиновский «Ордабасы» мен «Ақтөбеге» қарсы тамаша ойын көрсетті. Екі ойында да Тобыл жеңіске жеткен болатын.
Өз сөзімен
«Таразды» жеңгеннен кейін:
– Жылдам гол – басымдықты өз жағына аударып алуға тырысатын футболшылар үшін тамаша мотивация. Жанкүйерлерді тек өз ойынымызды көрсетіп қана тарта аламыз. Екінші алтылықта да футбол ойнай алады.
4-ші орын
.jpg)
Алмат Бекбаев
32 жаста, 194 см
Клуб: «Ордабасы»
Азаматтығы: Қазақстан
16 матч, 19 гол жіберген (2 – пенальтидан), 1440 минут ойнаған, 1 ескерту қағазы
Гол жібергенге дейінгі минуттар саны – 75,5 «таза» ойын, 1 пенальти қайтарған
Бекбаевтың жақсы ойынауы оның құрама сапына шақыртылуына себеп болды. Өз алаңында өткізген жеті матчта Алмат тек алты гол жіберген. Екі рет «Ордабасының» қақпашысы «Қайратқа» қарсы тамаша ойын көрсетті.
Өз сөзімен
«Қайратпен» тең түскеннен кейін:
– Өздеріңіз көргендей, бізге ойын қиынға түсті. «Қайрат» – шабуылдаушы команда. Сондықтан да бізге қиын болды. Исаэл, Аршавин, Гоу – қауіпті футболшылар. Олардың ойынан біздің басымыз айналып кетті. Тең ойынмен құтылып кеткенімізге қуанамын.
3-ші орын
.jpg)
Давид Лория
35 жаста, 183 см
Клуб: «Ертіс»
Азаматтығы: Қазақстан
24 матч, 23 гол жіберген, (5 –пенальтидан), 2160 минут ойнаған, 4 ескерту қағазы
Гол жібергенге дейінгі минуттар саны – 93,10 «таза» ойын, 1 пенальти қайтарған
Лория басқа қақпашыларға қарағанда маусымды сәтті бастады. Керекуліктердің қақпасына алғашқы болып Самат Смақов пенальтидан гол салған. Лория ең «тәртіпсіз» қақпашылар қатарына қосылды. Ол осы маусымда төрт мәрте ескерту қағазын алған. Осы үшін қақпашы 20-шы турды жіберіп алды. 26-шы турдың алдында алған жарақаты маусымның соңына дейін ойнауға мұрша бермеді. Өз алаңында өткізген 12 матчта Лория тек 11 гол жіберген.
Өз сөзімен
«Ертіс» жейдесінде өткізген жүзінші матчтан кейін:
– Мен Керекуде үнемі мықты қақпашылар ойнағанын білемін және бұл жауапкершілікті алуға көмектеседі. Біздің алдымызда үлкен тапсырмалар тұр. Осы маусымда титул алуға тырысамыз. Бізге тек өз жұмысымызды жасау керек.
2-ші орын
.jpg)
Владимир Плотников
30 жаста, 191 см
Клуб: «Қайрат»
Азаматтығы: Қазақстан
24 матч, 22 гол жіберген (3 – пенальтидан), 2120 минут ойнаған, 2 ескерту қағазы
Гол жібергенге дейінгі минуттар саны – 96,9 «таза» ойын
Плотников «Орталықта» 517 минут бойы гол жібермеген. Владимир Плотинов үшін осы маусым сәтті өтті. Владимир Лория секілді маусым соңында жарақат алып қалды. Дегенмен, жарақаты оның алғашқы орындарға шығуына тосқауыл бола алмады.
Өз сөзімен
«Астаналық дербидегі» жеңісінен кейін:
– Мен ойынды жасадым деп айта алмаймын. Біз бүкіл команда болып қорғанамыз. Бүгін команда шабуылда да, қорғаныста да жақсы ойнады. Сондықтан бәріне алғыс айтқым келеді. Бұл біздің бірігіп жұмыс жасағанымыздың арқасында және біртұтас жанкүйерлеріміздің арқасында жеткен жеңісіміз.
1-ші орын
.jpg)
Ненад Эрич
34 жаста, 197 см
Клуб: «Астана»
Азаматтығы: Қазақстан
30 матч, 21 гол жіберген, 2700 минут ойнаған
Гол жібергенге дейінгі минуттар саны – 128,15 «таза» ойын, 1 пенальти қайтарды
Эрич осы маусымдағы үздік қақпашы атағын жеңіп алды. Ненад осы маусымда орташа есеппен әр матча 0.7 гол жіберген. Қақпашы қазір спорттық бабында және «Астанамен» үшінші рет қатарынан ел чемпионы атағын алып отыр.
Өз сөзімен
«Ақтөбені» сырт алаңда жеңгеннен кейін:
– Қақпашының алаңда көп жұмыс істемегені қиынға соғады. 95 минут бойы тек 3-4 соққыны күтесің. Екінші таймда екі-үш соққы жасалды. Дегенмен, біз қақпада оны қорғау үшін тұрамыз ғой.