Муртазаев "Астананың" құрамына қосылды
Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Астанаға" қосылды. Астаналық клуб қазіргі күні АПОЭЛ-ге қарсы ойынға дайындық жүргізуде, деп жазады клубтың ресми сайты.
Муртазаев осы маусымда "Ертістің" қатарында ойнаған болатын. Павлодарлық клубтың сапында шабуылшы 18 гол соғып, сұрмергендер тізімінде екінші орынға жайғасқан. Естеріңізге сала кетейін, тамыз айында футболшы "Астанамен" үш жылға келісім шартқа отырған.
Ұлттық құрама үшін Муртазаев 5 матчқа шыққан. Шабуылшы құрама сапындағы алғашқы ойынын Қытай құрамасына қарсы жолдастық кездесуде ойнаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или