Паоло Мальдини Алматыда

Паоло Мальдини Алматыда

«Милан» ФК мен Италия құрамасының бұрынғы капитаны Кубок финалы болатын күні «Қайрат» ФК ұйымдастырған «Футбол Аңыздары» көрмелік кешенінде қонақта болады. Бұл туралы клубтың ресми сайты жазды. 

Естеріңізге сала кетсек, жанкүйерлер үшін қойылымда сирек кездесетін материалдар мен тарихи «жәдігерлер» болады. Алматылықтар кезіндегі әлемнің ең үздік ойыншылары Пеле мен Марадонаның түрнұсқалық жейделерін тамашалай алады.

Көрмеге келу арқылы Криштиану Роналдудың қолтаңбасы қойылған түпнұсқалы жейдесін көруге мүмкіндік аласыздар, сондай-ақ, оның пішінімен суретке түсуге болады.

Сонымен қатар, жанкүйерлер үшін Кубок иегерлерінің кубогы, Әлем кубогы, 1998 жылғы әлем Кубогында киім ауыстыратын шкафтар мен «Қайрат» ФК ойыншыларының қолтаңбасы қойылған жейде дайындалды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или