"Рома" Неманья Максимовичті сатып алмақшы

"Рома" Неманья Максимовичті сатып алмақшы

Италиялық «Рома» «Астананың» сербиялық жартылай қорғаушысы Неманья Максимовичті өз қатарына қоспақшы. 

Бұл туралы Calciomercato басылымы жазады.

Римдік ұжым 21 жастағы ойыншыны қаңтар айында сатып алмақшы. Айта кетер жайт, келер жылдың ортасында Максимовичтің елордалық клубпен келісімі аяқталады. Сондай-ақ, Неманьяға бірқатар франциялық командалар қызығушылық танытуда.

Естеріңізге сала кетсек, АПОЭЛ - «Астана» матчында «Романың» спорт директоры Вальтер Сабатини «Немоның» (Максимович - PROSPORTS) ойынын тамашалаған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или