Стойчо Младенов «Қайсардың» тізгінін ұстауы мүмкін
Болгариялық «Меридиан мач» басылымының ақпараттарына сүйенсек, Стойчо Младенов Қазақстан Премьер-лигасына оралған «Қайсармен» келіссөздер жүргізуде.
Естеріңізге сала кетсек, болгариялық маман биыл «Атырауды» баптаған болатын. Қызылордалық команда болса биыл Бірінші лиганы ұтып, Премьер-лигаға қайта оралды. Қазіргі таңда, «Қайсар» жаңа бас бапкерді іздестіруде. «Меридиан Мач» басылымы мәлімдеуінше, Младенов Бірінші лиганың чемпионымен келісімшартқа отыруға жақын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или