МакГрегор UFC-ге "ультиматум" қойды
Ережесіз жекпе-жектен екі салмақ дәрежесінде UFC чемпионы Конор МакГрегор ұзақ мерзімді демалысқа шықты.
Ирландиялық "файтер" UFC-дің акциясына ие болғысы келетінін айтып, кері жағдайда бұл "промоушенмен" қош айтысатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Конор келер жылдың басында әке атанады. Осы себептерге байланысты, МакГрегор уақытша ММА-дегі мансабын тоқтатты. "Октагонга" қашан оралатынын айтпады.
Жақында белгілі болғандай, "The Notorious" UFC 205 турнирінде өнер көрсеткені үшін 3,6 миллион доллар сыйақы алды. Аталмыш жарыста МакГрегор Альваресті екінші кезеңде техникалық нокаутпен жеңіп, жартылай жеңіл және жеңіл салмақ дәрежесінде UFC чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или