Исламхан "Қайратпен" келісімшартты ұзартты

Исламхан "Қайратпен" келісімшартты ұзартты

"Қайраттың" жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан алматылық клубпен жаңа келісімшартқа отырды.

Бұл туралы "Халық командасының" ресми сайты жазады.

Жаңа келісімге сәйкес, 23 жастағы футболшы "Қайрат" сапында 2018-ші жылға дейін өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, "Баторик" алматылық ұжымға екі жыл бұрын ауысқан болатын. Екі жыл ішінде Исламхан "Қайраттың" жетекші ойыншысына айналды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или