Мацей Рыбус: «Астанадан үш ұпаймен оралатынымызға сенімдімін»

Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Мацей Рыбустың айтуынша, оның командасы Астанада үш ұпайға қол жеткізеді.

«ЕУРО-дан кейін бізді құрметтей бастады. Қазір біздің құрамамыз күшейді. Қазақстан дейсіз бе? Біз бұл команданы құрметтейміз. Бірақ шын айтсам, Астанадан үш ұпаймен оралатынымызға сенімдімін. Қазақстан құрамасын мұқият зерттедік. Бізді орталық Азияға алыс сапар күтіп тұр. Онда жеңіске жетіп, жақсы көңіл-күймен қайтамыз деген ойдамын», - деді Рыбус Eurosport басылымына.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан пен Польша арасындағы кездесу қыркүйектің 4-і, «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или