Бішкектегі жеңіліс: Сыйлық па, келеңсіздік пе?
Бішкектегі жеңіліс: Сыйлық па, келеңсіздік пе?
 <span style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;">Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Польшамен өткізетінін білеміз. Матч алдында Байсуфиновтың шәкірттері Қырғызстанмен жолдастық кездесу өткізген болатын. Өкінішке орай, Қырғызстан құрамасы Бішкекте біздің жігіттерден басым түсті. Айта кету керек, бұл - Қырғызстан құрамасының Қазақстанды бірінші рет жеңуі. Қазақстан құрамасының сәтсіздігін аз-маз сараптап көрелік. <br style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;" /> <br style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;" /> <span style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;">Жеңіліске себеп іздесек, бірінен соң бірі алдымызға шығады. Байсуфинов мырзаның құрама сабында және өз клубтарында аз ойнап жүрген футболшыларға мүмкіндік берген сыңайлы. Жолдастық кездесу болғандықтан бапкердің экспериментке баратыны анық. Осыған дейін ірі есеппен жеңіп жүрген көрші елдің футболшыларын менсінбей шыққанымыздан да болу керек ойынды сылбыр бастадық. Қырғыз футболшыларының жеңіске деген жігері мен жанкештілігі алғашқы минуттардан-ақ сезіліп тұрды. Алаңның әр аймағында қысым жасап, біздің жігіттерді еркінсітпеді. Бір-бірімен түсінісіп үлгермеген футболшылардың бәлендей ойын көсетуі мүмкін емес те. Бірінен соң бірі ауысқан команда құрамы Қырғызстан қақпасынан саңылау таба алмады. Қорғанысқа да кінә арта алмаймыз. Қоғаушылар тығыз ойнап, қарсыластың қақпаға еркін жақындауын жол бермеді. Екі гол да айып алаңынан сыртынан кірді. <span style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;">25 метрден гол кірсе, ол тек қақпашының кінәсі десек болар. <br style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;" />  
 <span style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;">Бар күшімізді Польшаға сақтадық па? 
 <br style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;" /> <span style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;">Алда әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын күтіп тұр. Байсуфиновты бас бапкер етіп тағайындаған кезде ҚФФ басшылығы Ресейде өтетін әлем чемпионатының негізгі кезеңіне өту керекпіз деп тапсырма қойған болатын. Қырғызстанмен болған ойын дәл сол Польшаға қарсы ойынның алдындағы әлеуетімізді көріп, ойынды бір пысықтап алу мақсатында өткізілген болатын. Қазақстан құрамасының барлық футболшысы ҚПЛ-да ойнайтынын ескерсек, қазір маусымның қызған шағы. Бірнеше күн бұрын ел біріншілігінде өнер көрсеткен футболшыларымыз Бішкекте ойын өткізіп, кейін Польшамен болатын ойынға дайындалады. Егер іріктеу кезеңінде дәл осындай ойын көрсетсек, Левандовский бастаған жігіттер жігерімізді құм етіп, әлем чемпионатының негізгі кезеңіне өтеміз деген үмітімізді бір ойында үзіп тастауы мүмкін. Қырғызстан қақпасына жете алмаған шабуылшыларымыз Польшаның тас қамал қорғанысының маңына да жақындай алмай қала ма деген қорқыныш туындайды. Байсуфинов бастаған бапкерлер құрамы қателіктерді жойып, бір шешімін табады деп үміттенейік. <br style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;" /> <br style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;" /> <span style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;">Байсуфинов не ойлады? <br style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;" /> <br style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;" /> <span style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 18px;">Байсуфинов мырза жоғарыда айтқанымыздай, өз клубтарының сабында аз ойнап жүрген футболшылардың әлеуетін көргісі келгені анық. Ел біріншілігінің ішкі жүйесін жақсы білетін бапкер, кімнің қаншалықты деңгейде ойын көрсете алатынын білгісі келген сияқты. Сонымен қатар, Польшамен болатын ойынның алдында командаға жаңа тактикалар мен комбинацияларды ойнатып көрген болу керек. Не дегенмен ресми матчтарда негізгі құрамның өзгеріске ұшырап, басқа ойын көрсететініне сенеміз. Бар ойымыз Польша құрамасында болғандықтан ба, жігіттер ашылып ойын көрсете алмады. Қырғызстан құрамасынан алғаш рет жеңіліп, қырғыздардың тәуелсіздік күніне тамаша сыйлық жасадық. Дегенмен, ең болмағанда рейтингтегі ұпайлар үшін жеңіске жетуге болатын еді. Бапкердің өз ойлағаны бар шығар. Іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчты асыға күтеміз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или