Польша құрамасының бапкері Қазақстан туралы өз ойымен бөлісті

Польша құрамасының бас бапкері Адам Навалкидің көмекшісі Богдан Заяц Қазақстан командасының жақсы тұстарын айтып өтті.

«Өз ойыншыларымызбен қайта қауышқанымызға қуаныштымыз. Олар жұмыс істеуге ниетті екені көрініп тұр. Қазақстанға қарсы ресми матч алдында бірнеше жаттығу өткіземіз. Бұл құраманың барлық ойыншысы өз чемпионатында ойнайды. Бір клубтан жеті-сегіз адамнан. Бұл - олардың негізгі басымдығы. Сондай-ақ, «Астананың» былтыр Чемпиондар лигасында ойнағанын білеміз. Қиын алаңда, жасанды көгалда ойнайтынымыздан да хабардармыз. Біз өз жігіттерімізге сенеміз және өз күшімізді білеміз, бірақ қазақстандықтарға құрметпен қараймыз. Ал ғаламдық жоспарларға келер болсақ, біздің мақсатымыз - топта бірінші орын алу», - деді Заяц.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан - Польша матчы 4 қыркүйекте Астанада өтеді. Басталуы - елордалық уақытпен 22:00-де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или