Плотников, Логвиненко мен Мұжықов Қырғызстанға қарсы ойнамайды

Қазақстан құрамасының үш футболшысы Қырғызстанға қарсы жолдастық матчқа қатыса алмайды.

Бұл туралы Қазақстан футбол Федерациясының ресми сайты хабарлады.

Қақпашы Владимир Плотников, қорғаушы Юрий Логвиненко мен жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықовтың орнына Ұлттық құрамаға Самат Отарбаев, Ринат Абдулин мен Александр Кислицын шақыртылды.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы жолдастық кездесу бүгін Бишкек қаласында өтеді. Матчтың басталу уақыты - 20:00.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или